Әртістің айтуынша, ол өзін керемет сезінеді
Қазақстандық әнші Динара Қырықбаева Instagram желісінде операциядан кейін бір ай өткен соң келбеті қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әртістің айтуынша, ол өзін керемет сезінеді және қол жеткізілген нәтижеге дән риза.
Динара абдоминопластика мен липосакция жасатқанын ашық айтты. Үш бала тәрбиелеп отырған жұлдыз ұзақ уақыт бойы өзгерістер туралы ойлағанын және қазір бұл қадамға баруға шешім қабылдағанына риза екенін атап өтті.
Жазбаның астында оқырмандар Қырықбаеваның әрқашан жас әрі тартымды көрінетінін айтып жатыр.