Тараздағы валюта айырбастау орындарында АҚШ доллары 402,5 теңгеден сатылып жатыр
Өткен аптада 397 теңгеге дейін арзандаған АҚШ доллары қайта қымбаттай бастады. Бүгін валюта айырбастау орындарында 1 доллар 401 теңгеден сатылуда.
Алматы мен Риддерде және Қостанайда 1 доллар – 402 теңге. Нұр-Сұлтан мен Шымкентте – 402 теңге. Талдықорғанда 401,7 теңгені құраса, ең қымбат доллар – Таразда: 402,5 теңге.
Айта кетейік, кеше KASE қор биржасының таңертеңгі сессиясында америкалық валюта 398,40 теңгеге тұрақтаған болатын.