Құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді
Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында атап өтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.
Астана әкімдігінің мәліметінше, арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі 6 орын белгіленді:
«Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі;
Астана әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін «109» call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.