$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АШМ-нің лауазымды қызметкері заңсыз әрекеті үшін айыппұлмен құтылды

Ол мемлекетке 3,2 миллион теңге көлемінде залал келтірген

АШМ-нің лауазымды қызметкері заңсыз әрекеті үшін айыппұлмен құтылды
Фото: pixabay.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызметтік көлік жөндеудегі заңсыздық

Антикордың мәліметінше, Б.Жолтай үлестес компанияны қызметтік автокөлікті жөндеуге заңсыз тартқан, бұл әрекеті мемлекетке 3,2 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Айыппұл және мемлекеттік қызметке тыйым

Сот шешімімен Б.Жолтайға 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ

Сот актісі әзірге заңды күшіне енбеген.

Айта кетерлігі, ҚР Конституциясының 77-бабы және ҚПК-нің 19-бабы негізінде, адам соттың заңды шешімі шыққанға дейін кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары