Күдікті Интерпол желісі арқылы қолға түсті
Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылы күдікті Алматы қаласында жеке мектеп ашып, ақылы дайындық курстарын ұсынған. Ол ЖОО-ға түсуге көмектесемін деп уәде беріп, 10 азаматты алдап, жалпы 10,5 млн теңге иемденген.
Ішкі істер министрлігі мұндай алаяқтық курстардың басты белгілерін атады:
Лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
Оқытушылар мен оқу бағдарламасы туралы ашық ақпараттың жоқтығы;
Келісімшартсыз толық төлем талап ету;
Пікірлер мен ұсынымдардың болмауы.