Ұйымдастырушылар пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуды ұсынған
Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының былығы әшкереленді. 8 мыңнан астам адам салымшы болып, 21 млрд теңге салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен жұмыс істеген ірі қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ұйымдастырушылар азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуды ұсынған. Алайда бұл уәделер толық орындалмаған – активтер туыстар мен таныстардың атына рәсімделген.
Пирамиданың арбауына 8 мыңнан астам адам түсіп, олардың жалпы салымы 21 млрд теңгеден асқан.
Ұйымдастырушы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін бірнеше деңгейлі схема құрған. Ол өз бақылауындағы төмендегі компанияларды пайдаланған:
Бұл компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, көрінген келісімшарттар арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.
Қылмыстық кірістерге алынған мүліктер қатарына мыналар кіреді:
Бұл активтерді тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен барлық мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.
Тергеу ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.