$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таудағы кортеждің видеосына Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Әкімге қатысты қауесеттің шығуына желіде таралған видео себеп болды

Таудағы кортеждің видеосына Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Фото: pixabay

Алматы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған жаңа әкім қаланы аралайтын кезде көшелерді жауып тастайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкім кортежде болған жоқ

Бұл қауесеттің шығуына таудағы кортеж түсірілген видео себеп болды, желі қолданушыларының пікірінше ол кортежбен Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды жүреді.  

Баспасөз қызметі Дархан Сатыбалдының аталған кортежде болғанын жоққа шығарды.

  «Таулы аймақта жүрген кортеждегі көліктердің бірінде Алматы қаласының әкімі болды», -деген желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз», - деп жазылған хабарламада.

Әкім жолды жаппайды

Әкімдік көпшілікті тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Сондай-ақ қала әкімінің шаһарды аралауы кезінде көлік қозғалысына шектеу қойылмайтынын еске саламыз», - деп түйіндеді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары