Сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Қарағанды облысында жүк пойызы қағып кеткен екі жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 1 маусым күні Қарағанды маңындағы болды. Оқыс жағдайға қатысты облыстық Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді.
«Қарағанды-Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша өзге мәлімет жария етуге жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.