Қай ауылдарға су берілетіні анықталды
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қор есебінен Ұлытау облысындағы су құбыры желілерін тарту үшін 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл – ауыл тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылындағы №189 разъезд құбырының құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту үшін 296 млн теңге қарастырылған.
Жоба аяқталғаннан кейін Жаңаарқа ауданындағы тұрғындардың ауыз сумен қамтылу деңгейі 100% болады. Бұл – ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жетістік.