Сәрсенбі күні еліміздің шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады
10 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады», - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарында секундына 20 метрге дейін жел соғады, ал Түркістан облысы мен Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.