10.06.2020, 01:50
Жаңалықтар
Екібастұзда карантин режимі күшейтіледі
Соңғы аптада мұнда коронавирус жұқтырғандар саны 30%-ке өскен
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұзда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 30% өскендіктен, карантин режимі күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өткен аптаның нәтижелері бойынша ауру жұқтыру бойынша өсім байқалды. Сондықтан карантиндік шараларды күшейту мәселісі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта қоғамдық көлік қозғалысы, сауда-сауықтыру нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тексеріледі», - деді облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Аймақ бойынша бүгінге дейін 300-ден астам адамнан коронавирус анықталды. Қазір инфекциялық стационарда 40 науқас ем алып жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 17:38
Алматыдағы орталық көшелердің бірінде түнде көлік қозғалысы шектеледі
