«Сарысы Баяннан аумайды»: Алагөзова қыздарын алғаш рет көрсетті (ФОТО)

Автор: Алмас Ерсін

Қазнет Баян Алагөзованың қыздарын қызу талқылап жатыр

Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова кіші қыздарының жүзі анық көрінетін суреттерін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол суретті Instagram парақшасында бөлісті.

"Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім", - деп жазды продюсер өз жазбасының астына.

Қыздар кімге көбірек ұқсайды

Жазба бірден Қазнетте қызу пікірталас тудырды. Қолданушылар қыздардың кімге көбірек ұқсайтыны туралы, олардың сыртқы тартымдылығы мен харизмасы жайлы пікірін білдіріп жатыр.

«Тіфәй-тіфәй, сарысы Баян Алагөзовадан аумайды», «Оң жақтағысы анасының көшірмесі, сол жақтағысы әкесіне ұқсап тұр!»,   «Өздеріңіз Максичай ішесіздер ме, балаларға бересіз бе?», «Бүгінгі жазбаңыз ерекше. Осындай жеке және әсерлі сәтті бөліскеніңізге рахмет. Қыздарыңыз нағыз періштелер», «Алма қуыршақ сияқты», «Қандай әдемі», - деп жазды желі қолданушылары.  

Айта кетері, Алагөзова әлеуметтік желіде балаларының жүзін бұған дейін көрсетпеген.

Еске сала кетейік, Баян Алагөзованың үшінші және төртінші қыздары өткен жылдың тамыз айында дүниеге келген болатын.