Димашты Барселонадағы фанаттары мен журналистер қоршап алды (ВИДЕО)
Әртіс Барселонаға келгенін әлеуметтік желі арқылы хабарлап, тыңдармандарын қуантты

Әнші Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін қою үшін Барселонаға ұшып барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фанаттар құшақ жая қарсы алды
Әуежайда әртісті журналистер мен оның шығармашылығын бағалайтын тыңдармандары құшақ жая қарсы алды. Ол Испанияда өзін қалай қарсы алғаны туралы видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Барселонаға аман есен келдім. Бүгін фан кездесуде көріскенше», - деп жазды Димаш.
Жылы лебіз білдірді
Жанкүйерлер жазбаның астында әртүрлі тілде жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Қайда барсаңыз да, Сізді әрдайым құшақ жая қарсы алады. Жүзіңіз нұр шашып тұр, бұл кездесу шаттыққа толы болады», «Әуежайда сізді жылы қарсы алғанын көріп, қуанып отырмын. Баршаңызға көп рахмет!», «Испанияға қош келдіңіз, құрметті ханзада. Бұл орындалған арман, біздің жерімізге аяқ басқаныңызға қуаныштымын. Біз сізді шын жүректен жақсы көреміз», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, Сербиядағы кішкентай балалар Димаштың репертуарындағы «Тау ішінде» әнін таза қазақша орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.