«Қазгидромет» 2 маусым, дүйсенбіге жасалған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысында күн күркірейді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді, өрт қаупі жоғары болады.
Оралда және Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, жел соғады, өрт қаупі жоғары болады.
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 38 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі өте жоғары болады.
Ақтөбе, Семей қалаларында, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, екпіні 15 м/с жел соғады, өрт қаупі жоғары болады.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Ақтау қалаларында және Түркістан облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.