Іс-шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында ерекше мерекелік іс-шара өтті. Оған Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен әскери қызметкерлердің отбасылары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның ұраны – «Бала – еліміздің болашағы». Мерекеге келген балалар әуе және әскери техниканы көзбен көріп қана қоймай, оның ішіне кіріп, құрылымымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Шара барысында балалар:
Бұл – балалар үшін ерекше әрі әсерлі тәжірибе болды.
Шараның ең есте қаларлық сәті — «Самурай» есімді қызметтік иттің көрсетілімі болды. Оперативтік бригаданың кинологтары дайындаған ит арнайы командаларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Әскери техниканы зерттеуге қызықпаған балалар:
Ұлттық ұланның ән-би ансамблі театралдық қойылым көрсетіп, сүйікті ертегі кейіпкерлерін жандандырды. Аниматорлар ұйымдастырған флешмобтарға балалар қуана қатысты.
Мерекеге белсене қатысқан балалар:
«Ұлттық ұлан әрдайым әскери қызметшілердің отбасына көңіл бөледі. Бүгін балаларымыз керемет әсер алды. Біз, ата-аналар, осындай мереке ұйымдастырғандарыңыз үшін шексіз ризамыз», — деді ата-аналардың бірі Гаухар Бағашарова.