Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады – Үкімет дерегі

Автор: Дәулет Ботагөз

Балалардың дені мектеп пен балабақшаға барады

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Статистикалық деректерге сәйкес:

  • 3,9 миллион бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды
  • 556 мың бала колледжде білім алуда
  • 1 миллионнан астам бала – мектепке дейінгі ұйымдарға барады

Жетім балалардың 82%-ы отбасылық тәрбиеде

Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

2024 жылы:

  • 3 мыңнан астам бала жаңа отбасыға орналастырылды
  • 330 ересек азамат баланың тәлімгері атанды
  • Қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есе ұлғайды

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйе – кәсіби қабылдаушы отбасы институтыенгізіледі. Бұл жүйе балалардың әлеуметтік бейімделуін күшейтіп, отбасылық жағдайдағы тәрбиені кеңейтуге бағытталған.

Балаларды қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн қоғамның назарын балалар құқығын қорғауға, олардың дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге аударады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерекеге орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауында былай деді:

«Бала – ұлт болашағы. Олардың амандығы мен қауіпсіздігі – біздің басты парызымыз», – деді Президент.