Астанада Тұран даңғылы бірнеше күнге жабылады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Елорда әкімдігі кезең кезеңімен жабылатынын мәлім етті

Фото: istockphoto.com

Астана қаласында Тұран даңғылы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 30 мамырдан 8 маусымға дейін аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылатын болады.

Осы орайда 2023 жылы Тұран даңғылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, сол сияқты 2024 жылы Керей Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілгенін естеріңізге саламыз.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - деліген синоптиктер болжамында.