Кремль кездесу туралы ресми хабарлама таратты
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29 мамыр кешке Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Владимир Путин Мәскеуге келген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльде кездесті», — делінген ресми хабарламада.
Кездесудің егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ. Кремльдің ресми сайтында кездесуден түсірілген фотосуреттер ғана жарияланды.