$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында құны 5 млрд теңгеге жуық жер мақсатсыз пайдаланылған

Бұл жер шаруа қожалығына 20 жыл мерзімге жалға берілген

Қарағанды облысында құны 5 млрд теңгеге жуық жер мақсатсыз пайдаланылған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қарағанды облысының Нұра ауданында құны 4,78 миллиард теңге болатын мақсатсыз пайдаланылған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұра ауданының прокуратурасы жалпы көлемі 2 391 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімін анықтап, оны мемлекеттік меншікке қайтарды.

«Аталған жер телімі аудан әкімінің өкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімімен жасалған шарт негізінде шаруа қожалығына 20 жыл мерзімге жалға берілген. Алайда 2012 жылдан бері бұл жер мақсатына сай пайдаланылмаған», — деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасы.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 миллиард теңге екені анықталған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, енді басқа жер пайдаланушыларға берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары