Ол 10 мың метр қашықтықта үздік атанды
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 000 метрге жүгіру сайысында Дейзи Джепкемей жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Жүлдегерлер:
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған додадағы екінші медалі. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлде иеленген болатын.
Айта кетейік, Дейзи Джепкемей – Кенияда туып-өскен. Ол 2022 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан намысын қорғайды.