«120 млн теңге»: Адвокат сотталушылардан Қаржаубай Нұрымовқа моральдық шығын төлеуді талап етті
Шынасыл мен Сакиевтен 50 млн теңгеден өтемақы сұралды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтан моральдық өтемақы өндіруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Абзал Шынасыл Қаржаубай Нұрымовқа жерлеу рәсіміне жұмсалған шығынды өтеу ретінде 2 млн 794 мың теңге өндіру қажет», – деді адвокат.
Сондай-ақ, адвокат Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен ортақтастық түрде Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына моральдық шығын ретінде 100 млн өтемақы өндіруді сұрады. Яғни, екеуінен 50 млн теңгеден болмақ.
Қалған сотталушылардан ортақтасқан үлес ретінде Қаржаубайға 20 млн теңгеден,120 млн теңге өтемақы талап етілді.
Осы сома оның анасы мен әжесінің пайдасына да есептеледі.
«Жерлеу рәсіміне кеткен шығын түбіртектері тіркелді. Моральдық зиянды психологиялық зерттеу нәтижесінде алып отырмыз», - деді Мейірман Шекеев.