Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде
Ақмола облысының Щучинск қаласында дәмханаға жапсарлас салынған ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 29 мамырға қараған түні болды.
Өрттің жақын маңдағы орын-жайларға таралу қаупі болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері оқиға орнына жоғарылатылған шақыру бойынша жетті.
Өрт жалпы аумағы 2500 шаршы метр жерді қамтыды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде.