$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2020, 15:41
Жаңалықтар

Елордада коронавирус жұқтырған аналар 11 сау баланы дүниеге әкелді

Нұр-Сұлтанда індет жұқтырғаны зертханамен расталған адамдар саны өсуде 

Елордада коронавирус жұқтырған аналар 11 сау баланы дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөзден

Елордада COVID-19 вирусын жұқтырған аналар 11 сау баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова Қазақстан астанасындағы коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдай туралы айтты.

«Нұр-Сұлтанда коронавирус індеті басталғаннан бері 2520 адам вирус жұқтырып, 1621 адам немесе 64%-ы емделіп, емханадан шығарылды. Жақсы жаңалықтың бірі – COVID-19 вирусын жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді», – деді С.Қисықова.

Ол 3 маусымнан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, симптоматикалық және асимптоматикалық науқастарға бөлу кезінде медициналық бақылау жүргізу тактикасы өзгергенін еске салды.

«Асқынулардың алдын алу және уақтылы медициналық көмекті ұйымдастыру үшін симптомдары бар науқастарға көбірек көңіл бөлу керек. Аурудың асимптоматикалық ағымы бар адамдар назардан тыс қалмайды. Оларды үй карантині жағдайында аумақтық емханалар бақылап отырады, қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшеу үшін импульстік оксиметрлермен қамтамасыз етіледі, күнделікті қоңыраулар жасалады», – деді С.Қисықова.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғаны зертханамен расталған адамдар санының өсуі байқалады.

«Бұл бүгінде қалада ПТР диагностикасын жүргізетін жеті зертхана жұмыс жасап жатқанына байланысты. Күніне 4-тен 5 мыңға дейін тест өткізіледі. Тиісінше, анықтау мүмкіндігі артып келеді. КВИ бар адамдар арасында аурудың 60-70% -ы асимптоматикалық болып табылатындығын атап өткім келеді», – деді Сәуле Қисықова.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қала әкімдігі күн сайын жұмысы қайта жаңғыртылған нысандарға күнделікті мониторинг жүргізетінін және кәсіпкерлік субъектілерімен, олардың басшыларымен түсіндіру жүргізіліп жатқанын еске салды.

Талапты бұзған мұндай кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады. Сонымен қатар С.Қисықовам елорда тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары