Алматыда әскери кафедраның студентін көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Студент жолды белгіленбеген тұстан кесіп өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында әскери кафедраның студенттерін көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, студент жолды белгіленбеген тұстан кесіп өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Жергілікті Полиция басқармасының мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасы 28 мамыр күні сағат 12:30-да Бостандық ауданында болды. Kia маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші Байтұрсынұлы көшесімен оңтүстік бағытқа бет алып бара жатқан кезде жолды тиісті емес жерден кесіп өтпекші болған 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын тергеуге алып, басқа да мән-жайларды анықтауға кірісті», - делінген департамент мәліметінде.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада жолдан өтіп бара жатқан баланы жеңіл көлік қағып кеткені хабарланған болатын.