Тоқаев Руанда президентімен келіссөз жүргізді

Автор: Асыл Арман

Руанда президенті Қазақстанға шақырғаны үшін алғыс білдірді

Фото: Ақорда

Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі елдің президенттерін ресми келіссөздер өткізді. Мемлекет басшысы бұл сапардың тарихи мәніне тоқталып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге шығатынын атап өтті.

«Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастыққа тың серпін береді. Қазақстан – ІЖӨ көлемі, IT және жасанды интеллект саласында өңірлік көшбасшы ел. Бұл бағыттар өзара тиімді ынтымақтастық үшін маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Руанда президенті мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Еліңізге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұған дейін Қазақстанға 2015 жылы келген болатынмын, бұл менің екінші сапарым. Өзіңізбен және Сіздің командаңызбен бірге екі ел игілігі жолындағы бірлескен жұмысымызды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз», – деді Поль Кагаме.

Негізгі талқылау бағыттары:

Тараптар келесі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды:

  • саяси байланыстар;
  • сауда-экономикалық әріптестік;
  • көлік және логистика;
  • ауыл шаруашылығы;
  • цифрландыру және технология.

Халықаралық күн тәртібі де назардан тыс қалмады

Келіссөздер барысында президенттер аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша да пікір алмасты.