«Жыл сайын перзентханаға жібереді»: Ерке Есмахан Райм туралы айтып, мақтанды

Автор: Асыл Арман

Ерке Есмахан күйеуінің қаншалықты қамқор екенін айтты

Фото: Instagram/erke_esmakhan

Әнші Ерке Есмахан желіде күйеуі Райымбек Бақтыгереев (лақап аты – Raim) туралы жазып, мақтанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерке Есмахан күйеуінің балаларға қаншалықты көңіл бөлетіні туралы ой бөлісті.

«Бір күні кіші ұлын бассейнге апарады, бір күні үлкен ұлына велосипед тепкізіп, бассейнге апарады. Ал мені жыл сайын перзентханаға апарады», - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, осыған дейін Америкадағы қазақ продюсер Райм мен Еркенің үстінен АҚШ сотына арыз дайындап жатқаны туралы хабарланған болатын.