ІІМ арнайы операция жүргізді
ҚР Ішкі істер министрлігі Астанада трансұлттық есірткі тобының әрекеті әшкереленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметті ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейрхан жариялады:
«Астанада синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың қызметі жойылды. Арнайы операция барысында шетел азаматтары ұсталып, 100 кг-дан астам мефедрон тәркіленді», — деді ол.
Тәркіленген мефедронның қара нарықтағы құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл көлем – 300 мыңнан астам бір реттік доза.
Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.