Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді

Автор: Асыл Арман

Жер сілкінісі бүгін, 27 мамырда Астана уақыты бойынша 08:40-та тіркелді

Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінісі бүгін, 27 мамырда Астана уақыты бойынша 08:40-та тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

ҚР ҰЯО ГЗИ Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметі бойынша магнитудасы 4,4, энергетикалық класы 9,5 болды.

Жерасты дүмпуінің сезілуі туралы ақпарат жоқ.