$ 512.66  580.59  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында алаяқ қолға түсті: ол 13 автокөлік ұрлап, 314 млн теңге тапқан

Ол қытайлық азаматқа көліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде берген

Жетісу облысында алаяқ қолға түсті: ол 13 автокөлік ұрлап, 314 млн теңге тапқан
Скрин видео

Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында ірі көлемдегі автокөлік алаяқтығы тіркелді. 33 және 34 жастағы екі ер адам 13 автокөлікті алдап алып, 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірінші құрбан – Қытай азаматы

Алаяқтар қытайлық азаматқа көліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде берген. Нәтижесінде ол азаматтың 6 автокөлігін алып, арам ойын іске асырған:

  • Jetour – 3 дана;
  • Mercedes C260;
  • Mercedes C260L;
  • Mercedes GLC 260.

Бұл көліктер кейін Шымкент пен Жамбыл облыстарына жеткізіліп, таныстарына сатылған.

Екінші құрбан – көлік тасымалдаушы кәсіпкер

Алаяқтар мұнымен шектелмей, Беларуське көлік тасымалдамақ болған кәсіпкермен байланыс орнатып, тағы 7 автокөлікті иемденген:

  • Range Rover;
  • Mini Cooper SE;
  • Li 7 – 3 дана;
  • Li 9 – 2 дана.

Бұл көліктердің кейбірі Жамбыл облысында, қалғаны Алматыда арзан бағамен сатылған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды

  • Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынған;
  • Іс сот қарауына жолданды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысының арқасында:

  • Қылмыс қысқа мерзімде ашылды;
  • Күдіктілер ұсталды;
  • Көлік иелерінің құқықтары қорғалды.
Серіктес жаңалықтары