Ол өз компаниясында жұмыс істейтін адамдардың арасынан 100 адамды іріктеп алады
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің көптен бері ойында жүрген әлеуметтік жобасын жариялады: ол Алматыда тұратын 100 қызметкеріне пәтер алып бермек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрсын Алагөзовке бұл идея 2024 жылы келген екен. Оның негізгі мәні 20 жыл бойы кәсіпкермен бірге еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға баспана беру.
«Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек еткен адамдар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ», – деді ол.
Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы:
Ал басшылық қызметтегі қызметкерлердің үлесі 3-4 пайыздан аспайды деп отыр ол.