Министрлік мәлімдемесі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып жатқанын мәлімдеді.
«Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген. Эпидемиологиялық жағдай ары қарай жақсарып жатса, басқа елдермен әуе қатынасын жандандыру жоспарда бар», - деді ол Үкімет отырысында.
Ал 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылған. 1 маусымнан бері 54 пойыз жүріп тұр. Кешегі күнге дейін пойыздарға 645 мың адам билет алып үлгеріпті.