Әкімдікке қарасты жауапты басқарма түсініктеме берді
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты тағы бірнеше күнге жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жөндеу жұмысы Бауыржан Момышұлы даңғылынан Бейімбет Майлин көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр.
Осыған байланысты 26 және 27 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Дегенмен көліктердің қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
«Жол қозғалысына енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.