26.05.2025, 06:51
Жаңалықтар
Астанада жүргізуші кептелісте тұрмас үшін бордюрмен жүріп, оны видеоға түсірген
Ол жол ережесін бірнеше рет бұзған
Фото: Видеодан скрин
Астанада көлік жүргізушісі кептелісте тұрмас үшін бордюрмен жүргені әрі оны видеоға түсіргені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол осылайша жол ережесін бірнеше мәрте бұзғанын көрсеткен. Жүргізушінің бұл әрекетіне қатысты полиция қызметкерлері қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз.
Ал желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Көліктің «кобальт» екені таң қалдырған жоқ», «Жүргізуші куәлігіңнен айырылуға арналған лайфхак», «Осы жүрісімен екі минут қана үнемдеген шығар», «Екі минутын үнемдеп, жүргізуші куәлігін айырылудың жолы», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында мектеп түлектерінің кортежі полиция назарын аударғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды