Ерекше сурет LASCO телескопы арқылы тіркелді
LASCO (Күн коронографы) телескоптарының бірінен 2024 жылғы 24 мамырда алынған ерекше және жұмбақ сурет ғалымдардың назарын аударды. Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы түсірілген суретті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суретке назар аударсақ, «құсқа» немесе «ұшатын аппаратқа» ұқсас бейнені байқауға болады.
Ғалымдардың айтуынша, бейнеде алау ізін қалдырып бара жатқан «құсқа» немесе «аппаратқа» ұқсайтын бейне көрініп тұр. Бұл пішін Күннің фонында айқын байқалады, ал шын мәнінде не екені белгісіз күйде қалып отыр.
Зерттеушілер бұл құрылым физикалық нысан болса, оның өлшемдері таңғаларлық екенін айтады:
Күн астрономиясы зертханасының мамандары бұл ерекше құбылысқа қатысты әзілмен жазылған пікір қалдырды:
«Бұған не себеп екенін бірге талқылайық. Ерекше жағдай ретінде кез келген нұсқаны, тіпті өзгеғаламшарлықтарды, плазмалық тіршілікті немесе өзге де теорияларды қарастыруға рұқсат. Әрине, ғылыми түсініктемелерге басымдық беріледі, бірақ олар «блик», «зарядталған бөлшек», «бағдарламалық ақау» сияқты қысқа болжамдармен шектелмесе екен дейміз», — делінген хабарламада.