$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алакөл арзан ба? Египет пе?»: блогер бағаларды салыстырып шықты (ВИДЕО)

Блогер екі жақтағы демалыс құны мен сапасында айырмашылық барын айтты

«Алакөл арзан ба? Египет пе?»: блогер бағаларды салыстырып шықты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Кәсіпкер, блогер Алакөл мен Египеттегі демалыстың құнын салыстырып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол екі жақтағы қонақүйлердің бағасына ерекше назар аударады.

«Алакөлде терезесі көлге қарайтын бөлме үшін екі ересек пен бір балаға күніне 60 мың теңге сұрап отыр. Егер екі балаңыз болса, үстіне тағы 10 мың теңге қосасыз. Яғни, тәулігіне 70 мың теңге. Оған тамақ кірмейді дейді. Ал үш уақыт ішетін ас-суы үшін ересек бір адамға 12 мың теңге, ал балаңызға 8 мың теңге қосымша төлейсіз.

Төрт адамға 10 күнге деп есептеп шығып едік, 1 млн 100 мың теңге шығады екен», - дейді блогер.

Ол сөзін жалғай отырып, Египеттегі демалыстың құнына тоқталып шығады.

«Ал біз Египетке төрт адам болып 7 күнге 990 мың теңгеге келдік. Оның ішіне бәрі кіреді. Тамағы, бәрі тегін. Тіпті алкогольді сусындары да толып тұр, тегін. Барып-қайтатын ұшағымыз да, трансфер де осы бағаның ішінде.

Ал Алакөлге барар болсақ, ұшақ билетін бөлек төлейміз немесе өз көлігімізбен баруымызға тура келеді.

Сонда өз елімізде демалғаннан Дубай мен Египетте қыдырған арзан болып тұр ма деген ой келеді», - деп сөзін аяқтады.

Серіктес жаңалықтары