Оқиға Орталық стадионда болды
Шымкент қаласындағы Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған садақ ату секциясында жаттығу барысында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, жаттығу барысында жебенің бірі траекториядан ауытқып, секция аумағынан тыс жерге ұшып кеткен. Сол сәтте стадион маңынан өтіп бара жатқан жасөспірімге жебе тиіп, ол жарақат алды.
Жедел жәрдем тобы зардап шеккен баланы дереу ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.