Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті
Астанадағы LRT құрылыс алаңында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қытайлық жұмысшылардың ұқыптылығы жұртшылықты тәнті етті. Кадрларда олар жанында тұрған көліктерді бояудан қорғау үшін арнайы пленкамен жауып жатқан сәті түсірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көпшілік қытайлық жұмысшылардың ұқыптылығына жоғары баға беріп жатыр.
«Біздің жұмысшылар ондайға мән бермейді», – деп пікір қалдырды қазақстандықтар, отандық және шетелдік жұмысшылардың еңбек мәдениетін салыстыра отырып.
Пайдаланушылар бұл әрекетті бөтен мүлікке деген құрмет пен өзара сыйластықтың үлгісіретінде бағалауда. Көпшілік мұндай көзқарас LRT жобасының сапалы аяқталуына үміт ұялатады дейді.