25.05.2025, 14:25
Жаңалықтар
LRT құрылысы: қытай жұмысшыларының ұқыптылығы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті
Фото: видеодан скриншот
Астанадағы LRT құрылыс алаңында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қытайлық жұмысшылардың ұқыптылығы жұртшылықты тәнті етті. Кадрларда олар жанында тұрған көліктерді бояудан қорғау үшін арнайы пленкамен жауып жатқан сәті түсірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желі қолданушылары не дейді?
Көпшілік қытайлық жұмысшылардың ұқыптылығына жоғары баға беріп жатыр.
«Біздің жұмысшылар ондайға мән бермейді», – деп пікір қалдырды қазақстандықтар, отандық және шетелдік жұмысшылардың еңбек мәдениетін салыстыра отырып.
Пайдаланушылар бұл әрекетті бөтен мүлікке деген құрмет пен өзара сыйластықтың үлгісіретінде бағалауда. Көпшілік мұндай көзқарас LRT жобасының сапалы аяқталуына үміт ұялатады дейді.
LRT құрылысы туралы не білеміз?
- Жоба бірнеше жыл тоқтап тұрған соң, 2023 жылы қайта жанданды
- Құрылыс мердігері — China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.
- Жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізілуде
- Бірінші кезеңі 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс
- Құрылыс сапасы мен мерзімі мемлекеттік бақылауда
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 21:25
Баян Алагөзованың қызы өгей әкесіне сирек кездесетін қымбат автокөлікті сыйға тартты ма (ВИДЕО)