300 азамат ауыл шаруашылығы санақ жұмысына интервьюер ретінде тартылуы мүмкін
Қазақстанда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға 1414 қызметі арқылы еңбекке орналасу туралы SMS-хабарлама жолданады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, 300 азамат еліміздің 70 қаласында өтетін ауыл шаруашылығы санақ жұмысына интервьюер ретінде тартылуы мүмкін. Олар арнайы қысқа мерзімді жұмысқа орналасу туралы SMS алады.
Жұмыс кезеңі: 20 қыркүйек – 20 қазан 2025 жыл
«Сауалнама нәтижелері ауыл шаруашылығы статистикасын жетілдіруге және саланы жоспарлауға негіз болады»,– делінген ведомство хабарламасында.
Санақ екі кезеңнен тұрады:
Бұған дейін министрлік алдағы 6 жылда еңбек нарығындағы сұраныс пен болашақта сұранысқа ие мамандықтарды жариялаған болатын. Әсіресе ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, әлеуметтік қызметтер мен білім беру саласында кадр тапшылығы болуы мүмкін.