«Сұмдық-ай»: Астананың қақ ортасында жезөкшенің жарнамасы жарияланды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ұятсыз жарнама алып шолу дөңгелегінің жанында жарияланған

Фото: Видеодан скрин

Астананың қақ ортасында жезөкшенің жарнамасы дүйім жұртқа жарнамаланғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоға назар аударсақ, ұятсыз жарнама «Keruen city» сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы тұстағы алып шолу дөңгелегінің жанында жарияланған.

Жарнамада жезөкшенің ұсынған қызмет түрлері мен бағасы ашықтан-ашық көрсетілген.

«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметіне сүйенсек, атышулы жарнаманы жариялаған «KartMax» картинг клубы даудың ортасында қалуы мүмкін.

Айта кетейік, жуырда Павлодар облысында Жеңіс алаңында ұятсыз билеген қыздардың ата-аналары сотты болғаны хабарланған.