Жүргізушінің жағдайы әзірге белгісіз
Қарағанды тұрғындары өз микроавтобусының астында қалып қойған жүргізушіні құтқарып қалды. Оқиға Тәттімбет көшесінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгісіз себептермен ер адам тұрақта тұрған көліктің дөңгелегінің астында қалып қойған. Оқиға куәгерлері дереу көмекке жетіп, ауыр микроавтобусты көтеріп, зардап шеккен адамды шығарып алды.
Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында ер адамды жедел жәрдем қызметі келгенше құтқарып үлгерді. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада зардап шеккен адамның жарақат алғаны байқалады.
Оның жағдайы туралы әзірге ресми ақпарат берілген жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.