Барлық тұрғын бірауыздан салауатты өмір салтын қолдады
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының Жамбыл және Шағырсай ауылдарында тұрғындар ішімдік сатудан және тұтынудан толықтай бас тартты. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бастама прокуратура, әкімдік және жергілікті полиция бірлесіп жүзеге асырған «Заң және тәртіп» жобасы аясында көтерілген. Екі ауылда өткен жиында барлық тұрғындар бірауыздансалауатты өмір салтын қолдап, алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдаған.
Прокуратура өкілдері бұл шешімді жергілікті қоғамның белсенділігі мен бірлігінің нәтижесі деп атап өтті.
«Ауыл тұрғындарының саналы түрде ішімдіктен бас тартуы – қоғамның тәртіп пен денсаулықты бірінші орынға қойғанының айқын көрінісі. Бұл – құқықтық мәдениеттің артуына ықпал ететін маңызды қадам», – делінген хабарламада.