Мәйітте зорлық белгілері бар
Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінде өрт болып, оқиға орнынан зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 24 мамырда Талдықорған қаласындағы Қаблиса жырау көшесінде орналасқан қонақүйден түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру тобы оқиға орнына жоғары дайындық деңгейінде жіберілді.
Өрт ресепшн бөлмесінде тұтанған. Жалпы аумағы – 20 шаршы метр.
«Аталған дерек бойынша кісі өлтірубабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 23 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, өртке – қасақана тұтандыру себеп болуы мүмкін. Материалдар Жетісу облысының полициясына тергеу үшін жолданды.