Ол 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облысын басқарған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институты мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Естеріңізге сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 мамырда Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатты. Ал кеше Алматы қаласының мәслихаты жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізетіні хабарланды.
Қаңтар айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Түркістан облысының әкімі қызметінен босатып, жаңа қызметке тағайындаған еді.