23.05.2025, 23:58
Жаңалықтар
Шымкентте көпірде қысылып қалған бала құтқарушыларды өзі шақырды
Жақын жерде ешкім болмаған
Фото: видеодан скрин
Бүгін кешке Шымкентте 2011 жылы туған бала көпірден өтіп бара жатып, абайсызда бір аяғымен темір шыбықтардың арасына түсіп, кептеліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше оқиға әл-Фараби ауданында орналасқан көпірде болған.
«Аяғының ауырғанына және жан-жағында ешкім болмағанына қарамастан, жасөспірім тез есін жинап, 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақыртты», - деп жазылған хабарламада.
Келген ТЖМ қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен баланы тез босатып, аяғын қарап шықты. Зерек бала зардап шеккен жоқ.
«Төтенше жағдай туындаған кезде кейіпкеріміздей әрекет етіңіз», - деп кеңес ТЖМ мамандары.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды