Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Ақорда хабарламасы жарияланды

Фото: kmg.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, В.Лавренов 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Дюк университетінің құқық мектебін (Жапония) бітірді.

  • Еңбек жолын 1999 жылы «Титул» заң агенттігі» ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастады. Одан кейін «Grata» заң фирмасы» ЖШС заңгері болып жұмыс істеді.
  • 2001-2002 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң департаментінің заң кеңесшісі болды.
  • 2002-2005 жылдары – «Grata» заң фирмасы» ЖШС серіктесі.
  • 2005-2007 жылдары «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстандағы филиалының заң қызметінің бастығы, құқық мәселелері бойынша бас консультанты лауазымдарын атқарды.
  • 2007-2008 жылдары - «Интегра Менеджмент» ЖАҚ (Қазақстан Республикасындағы өкілдігі) мұнай сервистік компаниясының заң қызметінің директоры.
  • 2008-2017 жылдары - «Eastcomtrans» компаниялар тобының заң департаментінің директоры, бас консультанты.
  • 2019-2022 жылдары – Будапешт қаласындағы Greenline Services Ltd компаниясының аға серіктесі, консультанты.
  • 2022 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.