Жамбыл облысында 200 мың доллар пара бермек болған адам 10 жылға сотталды

Автор: Асыл Арман

Пара беру контрабандалық іс бойынша өрбіді

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында шенеунікке 200 мың доллар пара берген кәсіпкер 10 жылға, ал осы іске делдал болған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы бірнеше жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот үкімі: үшеуіне де жаза тағайындалды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С.Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э.Мұрадовқа және Т.Телеуовке қатысты үкім шығарды.

  • Э.Мұрадов – 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Т.Телеуов – 9 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • С.Үкімбаев – 3 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтен шеттетілді.

200 мың доллар пара мен жойылуға тиіс темекі

Іс материалдарына сәйкес, Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына сот шешімімен жойылуға тиіс контрабандалық темекі өнімдерін беру арқылы пара ретінде 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақша берген. Ал Үкімбаев олардың пара беру ісіне делдал болған.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.