Мазасызданып, жылап отырған сәби Абайдың әнін тыңдап ұйықтап қалды
Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық-ай» әнін тыңдап ұйықтап кеткен сәби жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода мазасызданып жылап тұрған сәбидің жанында әкесі Абайдың әйгілі әнін орындағанын, әннің бір шумағынан кейін бүлдіршіннің ұйықтап кеткенін байқауға болады.
Желі қолданушылары видеоға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, бүлдіршінге тілектерін жеткізді.
«Абай атасына ұқсасын!», «Абай атамыздың өлеңін кішкентайынан бойына сіңірген жақсы ғой», «Жаным-ау, кішкентай, аман болсын! Үлкен азамат болып өссін, ел басқаратын», «Ұйқы келген, Абайдың әні жетпей тұрған ғой жаным-ау сол», «Не деген тамаша көрініс», «Мен де «көзімнің қарасы» деп ұйқтатып тастаймын», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін балабақшадағы бүлдіршіндер жұртты сүйсінткені хабарланған болатын.