Димаш бейтаныс қызбен құшақтасып тұрған сәттің видеосы тарады

Автор: Алмас Ерсін

Қыздар жағы Димашты қызғанып қалғанын жасырмады

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Белгілі әнші Димаш Құдайбергенов бейтаныс қызбен құшақтасып тұрған сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қыздар жағы Димашты қызғанып қалғанын жасырмады.

«Димаш та кет әрі емес», «Ол қыздардың жұмысы ғой», «Олар да біз сияқты адам», «Қызғанудың қажеті жоқ, керісінше оған лайықты жар тілеу керек!», - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Мұхамеджан Тазабектің қызына үйленгені туралы сыбыс тараған болатын.

Желіде айтыскер ақынның қызы ұзатылып жатқаны туралы видео жарияланды. Желі қолданушылары күйеу жігітті әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатты. Алайда ұзату тойынан видео салған контент-крейтор Әсия Жұман бұл сыбысты жоққа шығарды.

«Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды деп Instagram шулап жатыр екен. Бұл тойда болған адам ретінде сіздерге шындықты айтып берейін. Күйеу жігіт Димаш Құдайберген емес, Омар есімді жігіт», - деді Әсия Жұман.

Видеода Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салғанын, Тамара Асар, Арнау дуэті өнер көрсеткенін, сол сияқты Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатысқанын байқауға болады.