$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында полицей күдіктіні видеокамера жоқ бөлмеде зорлаған

Сот қылмысқа барған полиция қызметкерін бас бостандығынан айырды

Түркістан облысында полицей күдіктіні видеокамера жоқ бөлмеде зорлаған
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысы облысында уақытша ұстау абақтысында күдіктіні зорлаған полицей 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Камера жоқ бөлмеде зорлаған

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға Сарыағаш ауданында болған.

Сот полиция қызметкері 2024 жылдың 17 қыркүйегінде кешкі уақытта Сарыағаш ауданының уақытша ұстау изоляторында қызметтік міндетін атқару барысында қамауда отырған Ж.-ны зорлаған.

Ол қылмысты бейнебақылау камерасы орнатылмаған бөлмеде жасаған.

«Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады», - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленуші жүкті болып қалған

Жәбірленуші сот отырысында жыныстық қатынас өз еркімен болғанын, ал арызды жүктілік кезінде депрессия жағдайында жазғанын мәлімдеді.

Сотталушы қызметтік жағдайын пайдаланған күннің өзінде жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын айтып, соттан өзін ақтауды сұрады. Қорғаушы сотталушының жауабын қолдады.

Сот қандай шешім шығарды

Сотталушының кінәсі сот-биологиялық сараптаманың, ультрадыбыстық зерттеудің қорытындылары, жәбірленушінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабымен, беттестіру хаттамаларымен және істің басқа да айғақтарымен дәлелденді.

«2025 жылы 8 мамырда сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деп түсіндірді сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, себебі сотталушының қорғаушысы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Серіктес жаңалықтары